Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ басшылығы бекітеді.

 

 

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оны жүргізу, МТҚБ Басшысын МТҚБ-ның қаржылық жай-күйі туралы толық әрі дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

Функциялары:

1) Басқарма қызметін жоспарлайды, МТҚБ-ға жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқарушылық қызметтерді жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мыналарға бухгалтерлік есеп жүргізеді:

- МТҚБ бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуына;

- уақытша орналастырудың қолма қол бақылау шоттарына келіп түскен ақшаларға;

- шоттарға шетел валютасымен түскен ақшаларға;

3) құжаттардың уақтылы және дұрыс толтырылуына және жүргізілетін операциялардың заңдылығына бақылау жасайды;

4) міндеттемелер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарының сомасы шегіндегі міндеттемелерді қабылдауға бақылау орнатады;

5) төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес, қаражаттың дұрыс және мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізеді;

6) жалақының және басқа да ақшалай төлемдерді бекітілген мерзімде дұрыс есептелуін, төленуін, бюджетке салықтық міндеттемелердің уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді;

7) МТҚБ-ның тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізушілерімен жасалған шарттарды қазынашылықтың аумақтық органына тіркеуді жүзеге асырады;

8) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау процесінде туындаған шығындарды ұйымдарға және жеке тұлғаларға бекітілген тәртіп бойынша уақтылы төлеп, дебиторлық және кредиторлық берешектерді бақылауға алады;

9) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарына бекітілген мемлекеттік меншікті мақсаты бойынша пайдалануына және сақталуына бақылау жүргізеді;

10) МТҚБ теңгеріміндегі ақшалай қаражатқа, есеп – айырысу мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін уақтылы әрі дұрыс анықтауды және олардың есепте көрсетілуін қамтамасыз етеді;

11) МТҚБ материалдық жауапты тұлғаларға жауапкершілікпен сақтауға алған құндылықтарды есепке алу және оларды сақтау бойынша нұсқаулық жүргізеді;

12) бухгалтерлік есеп және есептіліктің автоматтандырылуын ұйымдастырады, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

13) МТҚБ бұйрықтарын, баяндамалар, талдама анықтамалар және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да ақпаратты дайындауға қатысады.

6. Міндеті: МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың құжаттамасын Басқарма құзіреті шегінде әзірлеу және қолдау;

Функциялары:

1) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) МТҚБ Заң басқармасына ұсыну;

2) Басқарма құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізу мерзімдері мен сапаларына бақылау орнатады;

3) шағым-талап жұмыстарын жүргізу үшін жеткізушілердің (ұйымдардың) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді бұзғаны туралы МТҚБ Заң басқармасын хабардар етеді;

7. Міндеті: белгіленген тәртіп бойынша, қарастырылған мерзімде МТҚБ бюджеттік, салықтық, статистикалық есептерді құрып, оларды ұсыну;

Функциялары:

1) дұрыс жасалған бастапқы құжаттар негізінде және бухгалтерлік жазбаларға сәйкес, МТҚБ-ның тоқсандық, жылдық бюджеттік есебін ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне ұсынады;

2) МТҚБ кредиторлық және дебиторлық берешектер жөніндегі тоқсан сайынғы есептерді жасап және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне белгіленген мерзімде ұсынады;

3) МТҚБ-ның статистикалық ай сайынғы, тоқсандық, жылдық (жалақы, негізгі қорлар бойынша) есебін құрып, Астана қаласы бойынша Статистика басқармасына ұсынады;

4) өз қызметі аясында сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылатын аналитикалық ақпаратты дайындайды;

5) тоқсандық салық есебін құрып, тиісті Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдайды.

8. Міндеті: Парламент ведомстволық қарасты кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Функциялары:

1) бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) бухгалтерлік есептілікті жүргізу бойынша әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді және ведомстволық қарасты кәсіпорындардағы есеп пен есептілік жағдайын бақылайды;

3) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бухгалтерлік қызмет жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіп, семинарлар ұйымдастырады.

4) негізгі қаражаттарды есептен шығару жөніндегі жұмысты, МТҚБ Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп ведомстволық қарасты кәсіпорындардың пайдаланылмайтын негізгі қаражаттарын беру/іске асыруды жүзеге асырады.

9. Міндеті: МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржы қызметіне Басқарманың лауазымдық құзыреті шегінде бақылау жүргізу және ол бұзылған жағдайда шара қолдану.

Функциялары:

1) ведомстволық қарасты кәсіпорындар бойынша дебиторларлық және кредиторларлық берешектер туралы жиынтық есебін құрады және уақытылы ҚР ПІБ-ге ұсынады;

2) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың мерзімі өткен берешектерін өтеу жөніндегі жұмыстарына бақылау жүргізеді.

3) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың банкілік шоттарындағы ақшалай қаражаттың жай-күйіне бақылау жүргізеді;

4) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржылық есептілігін мемлекеттік органдарға уақытылы ұсынуы бойынша бақылау жүргізеді;

10. Міндеті: жалпы мәселелерді ұйымдастыру (іс-қағаздар жүргізу, мұрағат құру)

1) Басқарманың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі іс қағаздарын ұйымдастырады;

2) бекітілген номенклатуралық істерге сәйкес, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың, бухгалтерлік есеп, қаржылық, статистикалық, салық есептерінің және басқа да құжаттардың тізімдеріне мұқаба жасауды, сондай-ақ, бекітілген тәртіп бойынша оларды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді.

3) Басқарманың жұмыс жоспарын құру және бекіту;

11. Міндеті: біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу.

Функциялары:

1) Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

 

 

3. Басқарманың құқықтары мен міндеттері

 

1) МТҚБ Басшысына немесе оның орынбасарларына Басқарма құзыретіне кіретін қаржы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін енгізу;

2) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларынан мүлікті сақтауды күшейту, бухгалтерлік есеп және бақылауды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануды талап ету;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бухгалтерлік қызметтеріне міндетті түрде орындалатын тапсырмалар беру;

4) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардан басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті есептерді, анықтамаларды, ақпараттарды, және басқа да мәліметтерді сұратып алу;

5) МТҚБ басшылығының тапсырмаларын сапалы орындап, жұмыстың ағымдағы және келешек жоспарларын іске асыру;

6) өзіне берілген құқықтары шегінде өз өкілеттігін жүзеге асыру;

7) Басқарма қызметкерлері еңбек және атқарушылық тәртіптерін сақтаулары, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтаулары, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген негізгі міндеттерді орындаулары тиіс.

 

 

4. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

12. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

13. Басқарманы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы – Бас бухгалтер басқарады.

14. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

15. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

Осы мақсатта, Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы және / немесе оның орынбасарлары тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді.

3) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

4) МТҚБ басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Басқарма басшысы – Бас бухгалтер болмаған кезде оның міндеттерін МТҚБ Басшысының келісімі бойынша бас сарапшы атқарады.

18. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.