Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Құрылыс және пайдалану басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Құрылыс және пайдалану басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ басшылығы бекітеді.

 

 

Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: МТҚБ жүзеге асыратын жаңа объектілердің жобалануы мен құрылысы, сондай-ақ, ғимараттарды, құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, жаңғырту, қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары барысын ұйымдастыру және қадағалау.

Функциялары:

1) сәйкес құжаттар мен негіздемелерді (инвестициялық ұсыныс, сәулет-жобалық тапсырманы жобалауға уәкілетті органның шешімі) дайындаумен МТҚБ обьектілерін салу, жөндеу және қайта құру бойынша ұсыныстарды дайындайды;

жаңадан салынатын және қайта құрылатын объектілердің мемлекеттік және өзге де сараптамалардан өтуімен жобалық-сметалық құжаттамасының әзірлену барысы, жасалып жатқан құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасы мен барысы, орындаушылық құжаттаманың уақытылы жүргізілуі мен дұрыс ресімделуі және оны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуін бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

3) қажетті техникалық және жарлық құжаттаманы, оның ішінде жаңа құрылыстарды жобалау, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және инженерлік коммуникацияларды кеңейту, қайта құру және толығымен жөндеу бойынша техникалық ерекшеліктерді және тапсырмаларды, қаланың және басқа да елді мекендердің инженерлік коммуникацияларына қосылу үшін техникалық шарттарды алу үшін бастапқы мәліметтерді уақытылы жинауды қамтитын объектілерді жобалау, салу және қайта құруға рұқсаттама құжаттарды, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, қала құрылысы жағдайын талдау бойынша кешенді есептерді, топосьемкаларды, жер телімдері мен ғимараттардың осьтерін салынып жатқан объектілерге бөлу актілерін дайындау, мүдделі ұйымдармен жер телімін таңдау актісін келісіп және игеру шарттары туралы келісімшарттарды жасаумен жер телімдерін жобалау және құрылыс салу үшін қарсылықтарды рәсімдеу, құрылыс-монтаждық жұмыстарының басталғандығы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды хабардар ету және т.б.;

4) объектілерді белгіленген мерзімде уақытылы іске қосуды қамтамасыз етеді;

5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МТҚБ бұйрықтарын, нұсқауларын, баяндамаларын, аналитикалық анықтамалар жобаларын дайындайды.

6. Міндеті: МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың құжаттамасын Басқарма құзыреті шегінде әзірлеу және қолдау;

Функциялары:

1) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) МТҚБ Заң басқармасына ұсыну;

2) Басқарма құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жеткізу мерзімдері мен сапаларына бақылау орнатады;

3) шағым-талап жұмыстарын жүргізу үшін жеткізушілердің (ұйымдардың) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді бұзғаны туралы МТҚБ Заң басқармасын хабардар етеді;

7. Міндеті: МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын объектілерді салу, қайта құру және күрделі жөндеуді ұйымдастыруда жәрдемдесу.

Функциялары:

1) МТҚБ жүзеге асыруына арналған ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ұсыныстары бойынша инвестициялық жобалардың құнын есептеуді тексереді;

2) объектілерді жобалау, салу, күрделі жөндеу және қайта құруға қатысты мәселелер бойынша МТҚБ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жұмысын үйлестіреді;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын объектілерді салу, қайта құру және күрделі жөндеу барысын бақылауды қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждық жұмыстарының жүргізіле бастағандығы және т.б. туралы хабарламаны рәсімдеуге жәрдемдеседі;

5) өз қызметі аясында сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылатын аналитикалық ақпаратты дайындайды;

8. Міндеті: құрылыс және пайдалану мәселелері бойынша комиссия қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар жобалау-іздестіру жұмыстары, объектілерді салу, қайта құру және күрделі жөндеумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізуге қатысу.

Функциялары:

1) құрылысы аяқталған объектіні қабылдау бойынша, жабдықтаманы және инженерлік жүйелерді тексеру және сынау бойынша жұмыс комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және оған қатысады;

құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссиясымен құрылысы аяқталған объектіні қабылдауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

3) жобалау-iздестiру жұмыстары, объектілерді салу, қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеуге, инженерлік жүйелерге сервистік қызмет көрсетуге, байланысты жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысады, оның ішінде техникалық ерекшеліктерді әзірлеу мен келісу, сараптамалық комиссияларға қатысу арқылы атқарылған жұмыстарды қабылдауды негіздейді және т.б.

9. Міндеті: аяқталған (қайта салынған) объектілердің атқарушы құжаттамасының, жиһаздар мен технологиялық жабдықтар тізбелерінің дайындалуын, техникалық паспорттың, жеке және құқық белгілеуші құжаттарының әзірленуін бақылау.

Функциялары:

1) құрылысы аяқталған немесе қайта жаңартылған (техникалық паспортты әзірлеу) объектіні техникалық түгендеу жөніндегі жұмыстардың барысын ұйымдастырады және қадағалайды;

2) аяқталған (қайта салынған) объектілердің жеке және құқық белгілеуші құжаттарын ресімдеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және басқа да органдармен, ұйымдармен бірлесіп әрекет етеді;

3) атқарушы құжаттаманың пайдаланушы ұйымдарға берілуін қадағалайды.

10. Міндеті: МТҚБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының өндірістік-пайдалану мәселелеріне жетекшілік ету;

Функциялары:

1) Басқарма қызметін жоспарлайды, МТҚБ-ға жүктелген міндеттерді сапалы әрі тиімді орындауға бағытталған басқарушылық функцияларды жүзеге асырады;

МТҚБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының өндірістік-пайдалану мәселелері бойынша орталық және негізгі атқарушы органдармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады;

3) өндірістік күштердің құрылысы, оларды қайта құру және қайта жобалау, инженерлік жүйелерге сервистік қызмет көрсету бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ұсыныстарын қарастырады және негіздейді;

4) ҚР Президенті Іс Басқармасына, ҚР Парламенті Палаталарының басшылығына, ҚР Парламенті Палаталары аппараттарының басшылығына қағаз және электрондық тасығыштарда өндірістік-пайдалану мәселелері бойынша ақпаратты дайындауды және уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

5) МТҚБ объектілерін жобалау, салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, объектілерді қайта салу, инженерлік-техникалық бекіту мәселелері бойынша МТҚБ Ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен жұмыс жөніндегі басқармамен бірлесіп, МТҚБ объектілерін күзгі–қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындауды, инженерлік жүйелердің жұмыс істеуі мен оларға сервистік қызмет көрсетуді, энергия үнемдеуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады.

құрылыстың, күрделі және ағымдағы жөндеу мен қайта салудың объектілерін тексеруді жүзеге асырады;

7) ағымдағы өрт және өндірістік қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және еңбек қауіпсіздігі жай-күйі бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ведомствоішілік комиссияның жұмыстарына анализ және мониторинг өткізу.

11. Басқарманың құқықтары мен міндеттері.

1) Басқарма құзыреті шегінде МТҚБ құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық қарасты кәсіпорындарынан Басқармаға жүктелген міндеттемелерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметін тексеру;

3) құжаттарға виза қою кезінде қосымша анықтама немесе өзге ақпаратты алу;

4) МТҚБ басшылығының тапсырмаларын сапалы орындап, жұмыстың ағымдағы және келешек жоспарларын іске асыру;

5) өзіне берілген құқықтар шегінде өз өкілеттігін жүзеге асыру;

6) Басқарма қызметкерлері еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтауға, сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген негізгі міндеттерді орындау;

7) Басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

8) жетекшілік ететін мәселелер мен оларға қажетті материалдар бойынша кеңестерді дайындауды жүзеге асыру;

9) Басқарма құзыреті шегіндегі МТҚБ-да жасалатын мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын келісу.

 

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

12. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

13. Басқарманы қызметке МТҚБ Басшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

14. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

15. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

Осы мақсатта, Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы және / немесе оның орынбасарлары тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді;

3) МТҚБ Басшысы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

4) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді.

17. Басқарманың басшысы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте МТҚБ Басшысы келiсiмі бойынша бас сарапшысы басшы міндеттерін орындайды.

18. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.