Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының

Заң басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Заң басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өз қызметін МТҚБ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МТҚБ басшылығы бекітеді.

 

 

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: МТҚБ қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметінің мүддесін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілері жобаларының, бұйрықтарының және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың құқықтық сараптамасы.

Функциялары:

1) Мемлекеттік органдарда, соттарда және өзге кәсіпорындарда белгіленген тәртіппен МТҚБ мүддесіне өкілдік етеді;

2) ведомстволық қарасты кәсіпорындарда заңнамаларды қолдану тәжірибесін пысықтап, ұсыныстарды әзірлейді және оны МТҚБ Басшысына және/немесе МТҚБ Басшысының орынбасарларына қарауға енгізеді;

3) МТҚБ мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарда дайындалатын бұйрықтар, ішкі құжаттар, нұсқаулықтар, шарттар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттар жобаларының заңнамалық талаптарға сәйкестігін тексереді;

4) МТҚБ шығаратын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін өткізеді және құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексереді;

5) МТҚБ мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерінің сақталуы жөніндегі заңдық жұмыстардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

6) бұйрықтар, ішкі құжаттар, нұсқаулықтар, шарттар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттар жобасын дайындауға қатысады, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен түсініктемелер жүргізеді;

7) шағым-талап жұмыстарына басшылық етуді жүзеге асырады, шағым жасау және оны қарастыру жұмыстарын және азаматтық-құқықтық даулардың сот тәжірибелерін талдайды. Шағымдар мен азаматтық дауларды қарау кезінде анықталған МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлейді;

8) азаматтардың хаттары мен арыздарын қарайды;

9) қазіргі заман техникасын пайдалана отырып, келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жүйелі түрде есепке алынуы мен сақталуын ұйымдастырады.

6. Міндеті: мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті қажеттігі үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, МТҚБ жасайтын келісім шарттарды құқықтық сараптау және әзірлеу.

Функциялары:

1) мемлекеттік сатып алу жоспарын құрады және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) МТҚБ-ның мемлекеттік сатып алуларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алу жөніндегі жиынтық деректерін (есептілігін) қалыптастырады;

4) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары өткізетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сақталуына әдістемелік көмекті жүзеге асырады;

5) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарында мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асырады;

6) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді.

7) Басқарма құзіретіне кіретін, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктер мен өзге құжаттарды (мәліметтер мен ақпараттар) дайындайды;

8) шарттарды әзірлеуге қатысады, шарттардың уақытында және дұрыс жасалуын, шарт міндеттерінің орындалуын, орындалуын есепке алуды, олардың орындалмауын немесе тиісінше орындалмауына ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етеді.

7. Міндеті: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру.

Функциялары:

1) МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарында құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды әзірлейді;

2) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар сауалдары бойынша, оларға қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және оны қолдану тәжірибесіне сәйкес ақпараттық материалдар жолдайды;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары заң қызметтерінің жұмыс тәжірибелерімен алмасуын ұйымдастырады, белгіленген тәртіппен отырыстар жинап, семинарлар өткізеді, құқықтық жұмыс жағдайын тексереді.

8. Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру барысында мынадай құқықтары мен міндеттерге ие:

1) МТҚБ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметіндегі құқықтық жұмыс пен заңды сақтау жағдайларын тексеруге;

2) МТҚБ және ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлерінен, Басқармаға жүктелген міндеттемелер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есеп айырысуды және басқа мәліметтерді сұратуға;

3) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындар басшыларының келісімімен нормативтік құқықтық актілер мен басқа актілердің жобасын дайындау үшін, сондай-ақ Басқарма өткізетін іс-шараларды әзірлеу үшін қызметкерлерді жұмылдыруға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілер мен басқа актілердің жобаларына қол қоюдан бас тарту;

5) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметкерлері орындау құқықтық жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі міндетті түрдегі нұсқаулар беру;

6) МТҚБ басшылығының тапсырмаларын сапалы орындау, МТҚБ жоспарларын іске асыру;

7) өзіне берілген құқықтары шегінде өз өкілеттігін жүзеге асыру.

 

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

9. Басқарма Осы Ережеге және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

Басқарманы қызметке МТҚБ Басшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

10. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

11. Басқарма басшысы МТҚБ басшылығына осы Басқарманың штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

12. Осы мақсатта, Басқарма басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) міндеттерді Басқарма қызметкерлері арасында бөліп береді және МТҚБ Басшысы және / немесе оның орынбасарлары тапсырмаларының және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алады;

2) Басқарма қызметкерлерін тағайындауға, жұмыстан босатуға, ынталандыру және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді;

3) іс қағаздардың дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

4) МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарындағы шарттық-заңдық жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылау және қадағалау органдарымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;

6) МТҚБ басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін МТҚБ Басшысының келісімі бойынша бас сарапшы атқарады.

14. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастырушы тұлға қол қояды.