«МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Қайдар Ғизатоллаұлы ИСАЛИЕВ

 1972 жылдың 23 қаңтарында Гурьев облысы Индер ауданы Индебор  ауылында дүниеге келген.

 2000 жылы академик О.Байқоңыров атындағы Жезқазған таукен-технологиялық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

 Еңбек жолын 1989 жылы «Облремстройбыт» Индер ҮБЖ-де сылақшы-сырлаушысы болып бастады.

1996 - 1999 жж. Жезқазған қаласы әкімдігі аппаратының сауда және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, кәіспкерлік және тұтынушылар нарығын дамыту секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

1999 - 2000 жж. «Жақсылық» өндірістік кооперативі абоненттік бөлімінің бастығы.

2000 - 2001 жж. Астана қаласы «Сары-арқа» ауданы әкімдігі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бас маманының міндетін атқарушы; шағын, орташа бизнес және өңдеу өнеркәсібі бөлімі бас маманының м.а.; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының м.а.

2001 - 2005 жж. «Ас-сертик» ЖШС инженерлік-техникалық орталығы директоры болып қызмет атқарды.

2005 - 2007 жж. Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі бас маманының м.а.; Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ұйымдастыру-бақылау және талдамалы жұмыс бойынша бас маманы; өндірістік сала бөлімінің бас маманы.

2007 - 2008 жж. ҚР Президенті Іс Басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдардың өндірістік қызметін үйлестіру секторының аға сарапшысы; ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметін талдау және мониторингілеу секторының бас сарапшысы; ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің ведомстволық қарасты ұйымдардың өндірістік қызметін үйлестіру секторының меңгерушісі.

2008 - 2012 жж. ҚР Президенті Іс Басқармасы инвестициалық жобалар секторының меңгерушісі, техникалық қадағалау және күрделі құрылыс бөлімі инвестициялық жобалар секторының меңгерушісі.

2012 - 2014 жж. ҚР Президенті Іс Басқармасы техникалық қадағалау және күрделі құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2014 - 2015 жж. «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары.

2015 - 2017 жж. «Vega-Dom» ЖШС директорының орынбасары және директоры.

2017 жылғы маусымда «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Басшысының орынбасары болып тағайындалды.