30.11.2022

МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы студенттерге шеберлік сабағын өткізді

Кәсіпорын мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес ӘҒД қоғамдық тамақтандыру қызметінің және сервис колледжінің студенттері жыл сайын МТҚБ ӘҒД-да өндірістік тәжірибеден өтеді. Тәжірибе барысында студенттерге қоғамдық тамақтандыру қызметінің бренд-аспазы Даникель Сергей мен кондитер Ануарова Ақбота шеберлік сабағын өткізді.


29.11.2022

МТҚБ Автошаруашылығында студенттерге арналған ашық есік күні өтті

МТҚБ Автошаруашылығы оқу орындармен ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум аясында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» оқу орнымен бірлесіп «Көтергіш-көлік, құрылыс -жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану», «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)» мамандықтары түлектеріне арналған ашық есік күні өткізілді.


15.11.2022

15 қараша- ҚР Ұлттық валютасы Күні

15 қараша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы 1993 жылғы 2 қарашада шықты. 1993 жылғы 15 қарашада Теңге айналымға енді, сондықтан бұл күн ұлттық валютаның ресми күні болып саналады.


14.11.2022

МТҚБ Инженерлік орталығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдаудың цифрлық құралын енгізді

МТҚБ Инженерлік орталығы ағымдағы жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында