29.11.2013

2013 жылғы 28-29 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Қосымша құн салығы. Бейрезиденттерге салық салу тәртібі» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг басталды.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының бухгалтерлік есеп және есептілік саласындағы мамандары қатысты.


29.11.2013

Бүгін, 2013 жылғы 29 қараша күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мейрамына арналған салтанатты жиналыс өтті

Шараға Шаруашылық басқармасы орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындарының директорлары мен мамандары қатысты.


27.11.2013

2013 жылғы 26-27 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі. Электрондық мемлекеттік сатып алулар» тақырыбындағы екі күндік семинар өтті.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандары қатысты.


15.11.2013

2013 жылғы 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Жоспарлау және бюджеттеу: бюджетті құру технологиясы. Баға құрудың практикалық тәсілдері» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг өтті.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қызмет мамандары қатысты.