11.11.2013

2013 жылғы 9 қараша күні «Hungry Rabbit» кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарының 14 командалары арасында боулинг ойынынан турнир өтті.

Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.


28.10.2013

2013 жылғы 26 қазанда «Карамболь» бильярд клубында шахмат және бильярд ойындары бойынша турнир өтті.

Турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарынан 15 команда қатысты. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.


04.10.2013

Үстіміздегі жылдың 03 қазанында Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында «Мемлекеттік тілде ісқағазын жүргізу» атты семинар өткізілді.

Іс-шараға шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындары кадр қызметінің басшылары мен ісқағаздарын жүргізуші қызметкерлері қатысты.


02.10.2013

2013 жылғы 01 қазанда Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында Шаруашылық басқармасы мен «Бірлік» бастапқы партия ұйымының филиалы бірлесіп, «Халықаралық Қарттар күні» мерекесіне орай ардагерлермен салтанатты кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы аппаратының қызметкерлері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар директорлары қатысты.